Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жеңісті жақындатты

c 17:35, 06/05/2020 c 551

0:00 / 0:00

Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл. Бұл - аға буын ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Десек те, Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан баһадүр бабаларымыздың ерен ерліктері ұмытылмайды. Сұрапыл Ұлы Отан соғысының басталған кезінде, елімізден жалпы саны 1 млн 200 мыңдай адам соғысқа аттанған еді. Отан үшін от кешкен жауынгерлеріміздің жартысы жат жерде жан тапсырып, аман қалғандары қайтып оралды. Солардың бірі Жамалетден Исқақов.

Жеңіс туын арқалап, аман қайтқандардың арасында Жәнібек ауданының тумасы Жамалетден Исқақов та бар. Бүгінде бұл батыр бабамыздың жасы 97-ге келген. Уақыт өткен сайын жүріс-тұрысы қиындай түскен. Осындай қайсар қарияларымыздың қатары азайып бара жатқандығы жанға батады. Батыр бабаларымыздың қатары сирегенімен, ерен ерліктері еш ұмытылмайды. 19 жасында әскерге шақырылып, ұрысқа бірнеше ай дайындалады. Кейін Сталинград даласындағы жау әскеріне қарсы майданға аттанады. Батыр бабамыз Отан алдындағы әскери борышын Запастағы 36-шы полк қатарында өтеді. Ұрыс даласында алған ауыр жарақаты салдарынан бірнеше ай госпитальде ем алып, елге оралып, еңбекке араласып, маңызды міндеттерді атқарады. Өз ғұмырында Отан үшін от кешкен батыр бабаның тілегі тек бүгінгі күннің тыныштығы. Жасы 100-ге таяған қарияның кеудесі орденге толған. ІІ-ші дәрежелі « Ұлы Отан соғысы» ордені, "Сталинградты қорғағаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", "ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" «Маршал Жуков», «Еңбек ардагері», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» және «Қазақстанның ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.