Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлықты жою

c 16:43, 28/07/2020 c 837

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысы Әлия Сәлиева төтенше жағдай жарияланған кез бен карантиндік шаралар уақытында атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Жобалық кеңсе жағдайға байланысты мемлекеттік мекемелердің қашықтан жұмыс жасау режиміне көшуіне байланысты еліміздің өзге облыстарындағы залалсыздандыру жұмыстарына бақылау жасаған. Көп жағдайда тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтармен жұмыстанатын топ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға үлес қосуда. Мәселен, өткен айда «Мен мемлекеттік бюджеттің мөлдірлігіне жол сілтеймін» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдаулет Самет қоғам белсенділерімен бірлесе Бәйтерек ауданының Махамбет ауылы тұрғындарымен кездесу өткізген. Онда ауылдықтар аудан, ауыл әкімдерімен кездесіп, жылдар бойы балалар спорты алаңын салуға бөлінген 1,2 миллион теңге көлемінде қаражат қайда жұмсалғаны туралы ақпаратты білмек болған. Осы орайда ауылдықтарды толғандырған мәселе бүгінде нысанаға алынып жұмыстар жүргізілген. Көп ұзамай мемлекет қаржысының қандай мақсаттағы шараларға бағытталғаны туралы мәлімет берілетін болады.Шілде айының басынан дәрі-дәрмектерге баға өсу себебімен «Ақжайық-адалық алаңы» жобалық кеңсесі өзге де құзыретті мекемелерден құрылған арнайы бақылау тобымен бірге бақылау шараларын жүргізген. 40-қа жуық дәріханада кейбір препараттардың құны жөнсіз қымбаттатылғаны анықталған.Осы орайда қоғамның кез-келген саласындағы олқылыққа куә болсаңыз "Ақжайық адалдық алаңының" кеңсесінің қызметіне жүгіне аласыз. Сонымен қатар, өтініштің көшірмесін «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 8747 492 91 79 WhatsApp желісі арқылы жіберуге болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.