Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес

c 17:59, 15/07/2019 c 451

0:00 / 0:00

Үстіміздегі жылдың өткен алты айында ел аумағында 140 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталып, қылмыстық іс қозғалған. Көтерілген істердің 90-ы бойынша тергеу амалдары аяқталыпты. Бүгінде заңды аяққа таптаған 62 азаматтың 20-сы сотталды. Сала мамандары қылмыстық істің тең жартысы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі деген мәлімдеме жасады. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық арқылы оңай олжа табуға ниеиттілер біздің өңірден де тіркелген. Мысалы, облыстық "ОХОТОЗООПРОМ" мекемесінің екі лауазымды қызметшісі жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол берген. Яғни, аталмыш мекеменің басшысы табиғатты қорғау үшін іс-сапарға шыққан жүргізушілерге сапар шығынын төлепті. Алайда, ол төлемақының он мыңдайын өзіне кері қайтарып беруін талап еткен. Сөйтіп, аталмыш азамат тұтқындалады. Десек те, бұл қылмыстық іс басшы лауазымын уақытша орындайтын азаматқа сабақ болмапты. Ол да экс-басшыдан үлгі алып, жауапкершілікке тартылып отыр. Осыған байланысты сала мамандары табиғатты қорғайтын жандармен жүздесті. Кездесу барысында заңды аяққа басып, жемқорлыққа жол берген жандардың пікірі жазылған бейнежазба көрсетілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.