Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес

c 18:13, 08/04/2021 c 501

0:00 / 0:00

Республикалық мониторингтік топтың төрайымы Айгүл Соловьева облысқа іс-сапармен келді. Мониторингтің топтың төрайымы білім беру ұйымдары мен полиция қызметкерлерімен жүздесті.

Республикалық жемқорлыққа қарсы мониторингтік топтың төрайымы ең алдымен полиция департаментінде ашылған фронт кеңсенің жұмысымен танысып, қызметкерлері мен қала тұрғындарымен сөйлесті. Ол жемқорлықты болдырмас үшін осындай кеңселердің қажет екенін атап өтті.

Жемқорлыққа қарсы мониторингтік топтың төрайымы жедел басқару орталығының жұмыс барысына да қанықты. Аталмыш орталық орташа есеппен 350-ге жуық азаматтың қоңырауын қабылдайды. Полиция генералы барлық қоңырауды жауапсыз қалдырмай, қылмысты болдыртпау үшін жұмыстанатындықтарын жеткізді.

Кездесу барысында полиция генералы наурыз айында өткен онлайн кездесуде облыстың полиция департаментіне жасалған ескертулер бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқанына тоқталып өтті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.