Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес

c 17:03, 06/02/2020 c 259

0:00 / 0:00

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі мен БАҚ өкілдері жарыса жазған қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының пара алып, күдікке ілінгені туралы ақпарат берді. Департаменттің басшысы 200 мың көлемінде параны алған кезінде қолға түскен болатын. Қазіргі таңда ол Орал қалалық полиция басқармасының тергеу изоляторында отыр.

Ақпанның төртінде қорғаныс саласында қызмет жасап, департаменттің бастығы болған шенді пара алған жерінде қолға түсті. Басшы ауданда жасайтын қызметкерін облысқа ауыстыру үшін 200 мың теңгедей қаражат сұрапты-мыс. Қаржы екі жолмен берілген. Бірі картаға қыруар сомма аударылса, параның бір бөлігі қолма-қол берілуі керек болған.

Бұдан бөлек, өткен жылы БҚО-да әскери салада 4 жемқорлыққа байланысты қызмет тіркеліп, 4 тұлға заң алдында жауап берген.

Жалпы өткен жылы облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментте 138 қылмыс тіркелген. Олардың 111-і жемқорлық фактісі екені анықталып отыр. Пара алып, жемқорлыққа жол берген 32 тұлға заң алдында жауапкершілікке тартылып, бесеуі бас бостандығынан айырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.