Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жазғы лагерьлер жұмысын бастайды

c 18:08, 24/05/2021 c 606

0:00 / 0:00

Еліміздің бас санитарлық дәрігері балалардың жазғы лагеріне жұмыс жасауға рұқсат берді. 30-сәуірде шыққан қаулыға сәйкес лагерьлердің жұмысы коронавирус індетінің таралуына тікелей байланысты. Мәселен, жасыл аймақтағы өңірлерде жалпы балалардың демалатын орындарының 50 пайызына дейін оқушыларды қабылдауға рұқсат. Ал наурыздан бері қызыл аймақтан шықпаған Батыс Қазақстан облысы секілді аймақтарда тек лагерьдің 30 пайыз толымдылығымен жасөспірімдерді қабылдауға болады.

30-сәуірде қабылданған бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес балалардың жазғы лагеріне жұмыс жасауға рұқсат берілді. Бір жылдық үзілістен кейін лагерьлер стационарлық толымдылығын 30 пайыздан асырмай, оқушыларды қабылдауы керек. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты лагерьде жұмыс жасайтын педагогтар мен балаларды қабылдаудағы талаптарда өзгерістер бар.

Қазіргі таңда облыста 20 астам стационарлық лагерь бар. Білім басқармасының өкілдері бірінші кезекте жазғы лагерьлермен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар мен оқу озаттарын жазғы демалыспен қамтуды жоспарлап отырғанын айтады.

Биыл "Атамекен" лагері бір лекте 70 баланы қабылдауға дайын. Мамандар он күн балаларды демалтып, сауықтырып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды жоспарлап жатыр.

Сурет syr-media.kz сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.