Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жазасыз қалмайды

c 18:29, 28/02/2019 c 485

0:00 / 0:00

Желілік үдеткіш құрылығысы онкологиялық ауруға шалдыққан науқастың негізгі зақымданған ағзасын емдеп, өзге дене мүшелерін радиологиялық сәуледен қорғау үшін қолданылады. Ал оның негізгі қызметі «калиматор» деп аталатын бөлшекпен байланысты. Аталған құрылғыны мемлекеттік сатып алу шарты бойынша «Квант Семей» ЖШС директоры Бисембаев 2015 жылы облыстық онкологиялық диспансерге орнатады. Алайда құрылғы бұдан бірнеше жыл бұрын Америка құрама штаттарында жөнделген бірақ жұмыс жасамайды. Ал қашан істен шыққаны белгісіз. Бұл олқылық ҚР денсаулық сақтау министрлігінің негізгі бақылауының нәтижесінде анықталып, Бисембаев қазына қаржысын жымқырды деген айыппен істі болды.

Айта кететін бір жәйт аталмыш 3 жыл ішінде қанша науқастың жарамсыз құрлығығыдан зақым көргені белгісіз. Бірақ аз емес көрінеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары алдағы уақытта калиматор жабдығы мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында қайта сатып алынбақшы екен.

Аталмыш қондырғыны құрастыру кезінде қадағалау жүргізбеген мамандардың барлығы жұмыстан босатылған. Сол себепті аталмыш салаға жаңадан енгізілген заң бұл олқылыққа жол бермейді деген үміттеміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.