Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ЫНТАЛЫ

c 17:00, 26/07/2021 c 1228

0:00 / 0:00

БҚО аумағында үш қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі орналасқан. Соның бірі РУ 170/3 түзету орны. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту жүйелі түрде ұйымдастырылған. Аталмыш мекемеде шағын және орта кәсіп өкілдері 200-ге жуық сотталғанды жұмыспен қамтып отыр. Оған қоса жазасын өтеушілерге мекеме жанынан кәсіптік колледжде дәнекерлеуші және ағаш шебері мамандығы бойынша білім алуға мүмкіндік бар. Демек сотталғандарды жұмыспен қамту мекеме басшылығының басты назарында деген сөз.
Бүгінде РУ 170/3 түзету мекемесімен 7 шағын және орта кәсіп өкілі тығыз жұмыс жасауда. Тапсырыстың көлеміне қарай цехтарда балабақшаларға арналған төсек орындар, жұмысшыларға арналған киім-кешек, кәдесыйлар, жылыту жүйесіне қажетті темір бұйымдар жасалады. Сонымен қатар, өндіріс орындарынан шығатын жиһаз, пластикалық есік және терезелер қолжетімді бағамен сауда орындарына жеткізіледі. Адал еңбектері үшін жазасын өтеушілер жалақы алып отырады. Соның арқасында қарыздарынан құтылады. Тапсырыс артқан кездері еңбекақы көлемі 50 мыңға дейін көбейеді екен.
Темір тордың ар жағынан шығатын өнімнің сапасы әр түрлі. Оны жыл сайын өтетін арнайы көрмеден көріп-білуге болады. Биыл сотталғандардың қолымен жасалған кәдесыйлардан бастап, кәуәп пісіруге арналған құрылғыларға дейін сауда-саттық көрмесіне қойылды. Бұл жерден облыс тұрғындары өздеріне ұнаған заттарын арзан бағада алуына болады. Көрмеге түзету мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған 7 кәсіпкерлік нысаны қатысып отыр.
Жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу түзету мекемесінде мықтап қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Тек кәсіпкерлерден ұсыныс болса игі. Осылайша өндіріс ұлғайған сайын сотталғандардың біршама бөлігін жұмыспен қамтуға жол ашылар еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.