Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жазасы қандай болмақ?

c 17:31, 14/01/2019 c 794

0:00 / 0:00

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша командирін атып өлтірген айыпты қандай жаза арқалуы мүмкін.  24 жасар Серик Гариф 34 жасар Рустем Ракышовты өлтіргенін мойындаған. Алайда жапа шегуші тараптың қорғаушысы сотқа істі қайта қарауға өтініш берді. Өйткені сот медициналық сараптамасы бұған дейін екі мәрте жасалып екеуі екі түрлі нәтижие көрсеткен.

АЙГҮЛ ОРЫНБЕКОВА , ҚОРҒАУШЫ:

- Бұл қылмысқа ол өзінің жеке жақтырмаушылық ара-қатынасынан барған. Өйткені Рақышов айыпты Гарифке қарағанда тұлғасы жағынан да ірі, күші жағынан да басым болып келеді. Сонымен қатар ол қалтасына суық қару салып жүрген яғни өзінің жеке көзқарасы адам өлтіруге себеп болған. Өз айыбын мойындап қаруды тапсыру үстінде, Гариф кезекші қызметкерге «болдым» деп жауап қайтқан. «Болдым» деген сөздің астарында бірнеше мағына жатыр. Мәселен бірі өлтірдім болдым, мақсатыма жеттім дегені де болар.

Өмірден өткен командир Рүстем Ақышовтың әкесі Жасқайрат Рақышев қылмыстың өтеуі жаза екенін, баласының енді өмірге қайтып келмейтігі секілді күдікті де өмір бойы бас бостандығынан шектелсе дейді.

ЖАСКАЙРАТ РАҚЫШЕВ, марқұмның әкесі

 - Баламды өмірден өткелі алты айдың жүзі болды. Кінәлі тарап бір мәрте болса да кешірім сұрап келген жоқ. Қайғылы жәйттән бері екі рет жүрек талмасымен ауруханааға емделіп шықтым. Баламды өлтірген қанпезерге жазаның қатаң әрі әділ болғанын қалаймын. Мен соттан айптыға өмір бойы бас бостандығынан айрыру жазасын сұраймын.

Естеріңізге сала кетеміз "6 қыркүйекте Ақжайық АІІБ аумағында полицияның ішкі күзет батальонының инспекторы өз командиріне оқ атып, командир оқиға орнында қаза тапқан еді. Сот процесі ертең де жалғасатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.