Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

c 17:14, 02/07/2018 c 760

0:00 / 0:00

Орал қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға Мұхит көшесі мен Ықсанов көшесінің қиылысындағы бағдаршам тұсында тіркелді. Түрлі дене жарақаттарын алған зардап шегушіні жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізді. Куәгерлердің айтуынша, авто көлік тежегішті басып үлгірмеген.

Бұл қаладағы ең қауіпті қиылыстардың бірі. Осы жерде жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі дейді куәгерлер. Зардап шегуші 29 жастағы азаматша. Жедел жәрдем көлігі оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Бағдаршамның жасыл түсіне жүріп келе жатқан адамды "ВАЗ-2104" маркілі көлік қағып өтіпті. .
Жүргізуші жағдай бұларын білмедім деп сұхбат беруден бас тартты. Айтуынша, жаяу жүргінші жолдың ортасына келіп, артқа қарай кері жүрген. Мұны күтпеген жүргізуші тежегішті басып үлгірмепті.

Зардап шегушінің бас сүйегінің жабық жарақаты мен омыртқасының бел тұсы зақым алғн. Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.