Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жауынгер Карповты еске алуға арналған турнир өтті

c 17:48, 14/02/2022 c 595

0:00 / 0:00

Орал қаласында Ауған соғысында опат болған Карпов Владимир Евгеньвичті еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Жауынгердің ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттауды көздеген спорттық сайыс облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылды.

Орал қаласында Ауған соғысында опат болған жауынгер Карпов Владимир Евгеньвичті еске алуға арналған турнир өтті. Ауған жерінде қаза тапқан Карпов 1964 жылы дүниеге келіп, әуелі №31мектепте білім алып, кейін №22 мектепті тәмамдайды. Ол өткен ғасырдың 83-жылы соғысқа аттанады. Марқұм сол жылы қыркүйекте қайтыс болды. Жауынгердің ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында жыл сайын №22 мектепте түрлі шаралар ұйымдастырылады.

№22 мектепте тұңғыш рет Карповты еске алуға арналға волейболдан қалалақ турнир өтті. Оған 5 команда қатысты. Жоғарғы сыныптың оқушылары үздіктерді анықтады.

Жарыс соңында үздік спортшылар марапатталды. Мектеп әкімшілігі жауынгердің ерлігін насихаттау үшін алдағы уақытта патриоттық шараларды ұйымдастыруды жалғастырмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.