Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ КАНДИДАТТАРЫН ҰСЫНДЫ

c 18:56, 03/02/2023 c 197

0:00 / 0:00

«BAYTAQ» жасылдар партиясы да кезектен тыс съезін өткізіп, Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер тізімін ұсынды. Партиялық тізіммен 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде төртеуі әйел, бір жас үміткер және біреуі мүмкіндігі шектеулі азамат. Сондай-ақ, Байтақтан да мажоритарлық жүйемен түсетін кандидаттар тізімі жарияланды.

Өзін қоршаған ортаны қорғайтын, жасылдар партиясымыз деп атайтын байтақтықтар да кезекті съезін өткізіп, Парламент Мәжілісі мен маслихаттар сайлауына дайныдығын жариялады. Дауыс беру күні сайлаушылардың көп дауысын жинау үшін күресіп жатқан саяси күштердің көздегені- депутат мандаттығынан көбірек алу. Жасылдар партиясының мүшелері өзге партиялар сияқты билік үшін емес, адамдардың өмірі үшін күресеміз деп ұрандатты.
Табиғатты қорғау - бұл адамдардың денсаулығы мен олардың өмір сүру сапасын қорғау. Бұл өзекті мәселе. Сондықтан біздің саяси мәселелермен айналысып, сайлауға қатысуымызызға тура келді деді партия серкесі Азаматхан Әміртаев. Съез жұмысында белгілі болғандай, жасылдар Парламент Мәжілісіне партиялық тізіммен 20 адам ұсынды. Оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар атынан 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 үміткер түсіп жатыр. Ал Байтақ партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өзгелер сияқты партиялық тізіммен емес, мажориталық жүйе бойынша сайлауға қатысатын болып отыр. Яғни партия сайлаудан тиісті дауыс жинай аламй қалған жағдайда, Әміртаев бір мандатпен Парламентке өтуі мүмкін.

Әміртаев мырза алдағы сайлаудан соң партиясына Парламент Мәжілісінен 15 мандат бұйырады деп болжап отыр. Жасылдардың пікірінше, Парламентте бизнесмен-депутаттар отырмауы керек.

Байтақ партиясы төрағасының айтуынша, Қазақстанда байлар мен кедейлер арасындағы арақашықтық тым алыстап кеткен. Елімізде кедейшілік шегіне жеткендердің саны миллионды құрап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.