Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастардың арасында көз аурулары дендеп барады

c 16:45, 30/01/2020 c 830

0:00 / 0:00

Бүгінде әскерге жарамды азаматтар Қазақстанның әрбір аймағындағы шекара қызметіне, мемлекеттік күзет қызметі, қорғаныс министрлігі, сондай-ақ Ұлттық Ұлан қатарына жіберіледі. Сала мамандары өз еркімен Отан алдында борышын өтеушілердің саны артып келе жатқанын айтады.

"Балалар жарады. Олардың Отан алдындағы борышын өтеуге деген құлшыныстары көңіл қуантады.Жасөспірімдерге әскери өмірдің қыр-сыры түсіндіріліп, видео роликтер көрсетілуде", - дейді БҚО Қорғаныс істері жөніндегі Депаратментінің бөлім бастығы Нұрлан Баймұханов.

Қазірдің өзінде БҚО Қорғаныс істері жөніндегі Депаратментінде бақылау комиссиясы жүріп жатыр. 16 жасқа толған мектеп оқушылары денсаулық және моральдық-психологиялық тұрақтылық сынды қатаң тексерістерден өтуді бастап кетті. Ақ халаттылардың айтуынша, мектеп оқушыларының жарамдысын әскерге іріктеп алу оңайға соқпайын тұр. Олардың денсаулықтарынан көз және жүрек аурулары мен майтабан ақаулар көптеп кездессе керек. 16 жастағы Байжан Шуриевтің бала арманы әскери ұшқыш болу. Оның қазіргі қалауы - психологиялық және медициналық сараптадан ойдағыдай өту. Өйткені, ол өз келешегін әскери өмірмен байланыстырып қойған.

Еске салсақ, бүгінгі күні еліміздің ҚР Қарулы күштері қатарына алынған сарбаздардың жоғары немесе арнайы орта білімі барына басымдылық танытып келеді. Бұл өз кезегінде жүрген сарбаздың 1 жыл көлемінде әскери қызметте жан-жақты дағылануына орасан зор көмегін тигізбек көрінеді.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.