Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастар жобасы

c 17:37, 30/10/2019 c 659

0:00 / 0:00

Биыл еліміздің алты өңірінде "Жас проджект" бағдарламасы іске қосылып, 221 батыс қазақстандық 1 млн теңгеге дейін грантқа ие болды. Қазіргі таңда 203 жоба қатысушысы жұмыстарын жалғастырып, әлеуметтік аз қамтылған топтағы жандарға көмектесуде. Аталмыш бағдарлама аясында 51 жоба Орал қаласында жұмыс жасап жатыр.

Биыл Батыс Қазақстан облысы " Zhas project" жобасына қатысу үшін 700-ден астам өтініш жіберген. Алайда, олардың тек 221 ғана қаржыға ие болды. Бүгінгі таңда 203 жоба гранттарын иегеріп, әлеуметтік аз қамтылған жандарға көмектесуде. Жоба қатысушыларының 51-і Оралда іске асуда. Сала мамандары жоба қатысушылары облыс орталығында әлеуметтік аз қамтылған жандарға жан-жақты көмек көрсету,- дейді. Грантқа ие болған жобалар әртүрлі. Қатысушылардың бірі шаш қиса, енді бірі жылыжай салып, тәтті бәліш пісіріп, тағам даярлаудың қыр-сырын үйретуде.

Жобаға қатысушы жандардың бірі -Айнара. Ол үш құрбысымен бірге Оралда әлеуметтік аз қамтылған жандардың шашын қиып, түрлі шаш үлгісін жасауда. Олар 980 мың теңгедей қаражатқа шаш әрлеуге қажетті техниканы сатыпты. Жоба қатысушылары келешекте осы тәжірибесі арқылы кәсіп ашуды жоспарлап отыр.

Биыл ауыл жастары мен жұмыссыз жүрген жастарды кәсіпке баулитын жоба еліміздің алты өңірінде өтті. Ал, әлеуметтік жобаның қараша айында аяқталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.