Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Жастар қуатты Қазақстан үшін». Шаһарымызда осындай атаумен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен жастар форумы болып өтті

c 00:00, 02/04/2015 c 826

0:00 / 0:00

Қызылды жасылды киінген жастардың қолдап, қошеметтеуімен, мінбеге көтерілген Елбасы, «Елді ертеңге бастар-бүгінгі жастар» екеніне екпін түсіре келіп, мемлекет тарапынан баса көңіл бөлініп, бастау күші жастардан құралған, жалынды жастар үшін ұйымдастырылған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды. Облыс орталығын айтпағанда сонау алыс шалғайдағы, елді мекендерде де «Дипломмен ауылға» секілді түрлі жастарға жасалып жатқан жағдайлардың арқасында, 30 мыңның үстінде жас бүгінде ауылдағы ағайынның ортасында еңбек етуде. Бүгінгі шарада Елбасымен тікелей байланысқа шыққан, Атырау облысындағы жас маман Қайырлы Ғылманов Президентке Атыраулық жастар атынан алғысын жолдады. Біздің өңір де, елде жастарға жіті жағдай жасап отырған аймақтардың қатырынан көрінген. Облысымызда «Қолжетімді баспана», «жасотау» бағдарламасы бойынша 360 жас отбасына үй берілген. Және бүгінгі күнде батыс өңірінде 1500-дің үстінде спорттық кешен жұмыс жасаса, тағы да жаңа нысандар бой көтеруде. Болашақта біздің де өңірден, бүгінгі форумға келген Денис Тен, Илья Илин, Серік Сәпиев сынды, спорт саңылақтарының шығарына Оралдық палуан, ІІ мәрте әлем чемпионатын алған Данияр Елеусізов де сенімді. Елбасымыз бен суретке түсіп қолын алған, спортшылар мен өнерпаздар Форум соңында, арнайы концерттік бағдарламаны тамашалап, Президентімізді залдан қошеметпен шығарып салды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.