Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастар кәсібін қолдау

c 17:51, 17/09/2019 c 471

0:00 / 0:00

Жастар жылы аясында кәсіп ашып өз ісін бастауға ниет танытқандарға таптырмас мүмкіндік туып отыр. Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында биыл салаға қосымша қазынадан 45 млн. теңге бөлінді. Яғни бизнес жобаңыз бәсекеге қабілетті болса, құжат қабылдау шарасы басталды. Мемлекеттік грантқа ие болып бағыңызды сынып көріңіз.Жасыңыз 30-ға толмаған және қызмет көрсету саласында тың бизнес жобаңыз болса, онда құжат жинауды бастаңыз. «Істерін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік гранттар» бойынша 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз несие алуға мүмкіндігіңіз бар. Шамамен бөлінген қаржыға 18-20 жоба мақұлданы деп күтілуде. Көп жағдайда өңір экономикасын дамыту және жұмыссыздықпен күресу жолында медициналық, қызмет көрсету, табиғи қорларды тиімді пайдалану бағытындағы идеялар өте құнды болып саналады. Биыл пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен 5,1 млрд. теңгеге 71 жоба мақұлданған. Жобалар жиһаз, өнеркәсіптік газдар өндіруге, мектепке дейінгі білім беруге, сонымен қатар медициналық және транспорттық қызметтер көрсетуге, жанар-жағар майды іске асыруға бағытталған. Естеріңізге сала кетеміз құжат жинау 27-ші қазанда аяқталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.