Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастар форумы

c 15:37, 24/09/2019 c 767

0:00 / 0:00

Орал қаласында 300-ге жуық жастың басын қосқан "Достықта шекара жоқ. Жастар. Диалог. Мәдениет" атты жастар форумы өтуде. Аталмыш шараға еліміздің 10 өңірінен және Ресей Федерациясының шекаралас маңында орналасқан Орынбор, Саратов, Самара мен Астрахань облыстарының белсенділері арнайы табан тіреді.

Облыс орталығында белсенді жастардың басын қосқан халықаралық форум өтуде. Аталмыш форумға 300-ге жуық белсенді қатысып жатыр. Қатысушылар еліміздің 10 өңірінен және Ресейдің шекаралас облыстарынан келген.

"Жастар жылында" қос елдің белсенділері бас қосқан жиынның негізгі мақсаты: ынтымақтастықты нығайту. Ертеректе, екі елдің жастарына арналған шаралар ұйымдастырылып келген еді. Олардың дені жазғы лагерь форматында өткен-ді. Ақ жайық өлкесіне келген көрші елдің қатысушылары мұндай шараға қатысып жатқандықтарына алғыстарын білдіреді.

Белсенді жастарға арналған форум барысында түрлі салада жетістікке жетіп, қоғам үшін пайдалы іспен шұғылданатын білікті мамандар тәжірбиелерімен бөлісті. Жастардың білім-білігін дамытуға арналған шара 25-ші қыркүйекте аяқталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.