Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жасөспірімдер туризмінің жай-күйі талқыланды

c 18:21, 11/11/2019 c 546

0:00 / 0:00

Орал қаласында жасөспірімдер туризмін дамытуға арналған халықаралық форум басталды. Аталмыш шара балалар туризмін дамытуға арналған. Сала мамандары оқушылар арасында туризмді дамытудың мәні зор,- дейді. Республика бойынша БҚО  балалар туризмін дамыту ісінде өзгелерге үлгі.

Жасөспірімдер арасында туризм саласы БҚО жақсы дамыған. Облысқа қарасты әрбір ауданда балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, өлке тарихын насихаттайтын орталықтар бар. Бүгінде оқушылардың 10 пайызы осындай қосымша білім беру нысандарында білімін шыңдап, тәжірбиелерін толықтырып, өңір тарихын зерттеуде.

Халықаралық форумға келген меймандар жасөспірімдер арасында туризмді дамытуда кедергілер аз емес екенін айтады. Мәселенің туындауына заңнаманың жоқтығы нарық жүйесі өз әсерін тигізуде. Сала мамандары қазіргі таңдағы рухани -адамгершілік тәрбиенің коммерциялық бағытқа алмасып бара жатқаны көңілге қаяу салады,- дейді. Форумда сөз алған жандар өңірдегі балалар мен жасөспірімдер туризмін қарқынды дамыту үшін білікті басшы еңбегі зор екендігін айтып, жақында дүниеден озған облыстық туризм және экологиялық орталықтың басшысы Виктор Фоминді еске алды.

Екі күнге жоспарланған халықаралық форум 12-қарашада аяқталмақ. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға арналған шара барысында арнайы шараға келген меймандар түрлі мастер-класстарға қатысып, ортақ кәсіпті дамытудағы ойларын ортаға салмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.