Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас шебер қардан мешіт қалады

c 17:59, 18/01/2022 c 1811

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанайев ауласына қардан мешіт тұрғызды. Діни нысанды жасау үшін шебер 20 күн жұмыстаныпты. Жас шебердің туындысы ауыл тұрғындарының көзайымына айналып үлгерді.

Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанайев ауласында облыстық мешіттің көшірмесін жасады. Жас шебер қардан жасалған мешітті тұрғызу үшін жиырма шақты күн еңбектеніпті. Ауа райы жылынған шақта ақ ұлпадан жасалған мүсінге біраз қауіп төнген.

Бұл-Нәдірдің екінші туындысы. Өткен жылы шебер қызыл түсті темір тұлпардың мүсінін қардан жасапты. Нәдірдің атасы жаңа туындыны тамашалауға келіп, фотоға түсетін жандардың қарасы көбейді,- дейді.

Жас шебер келешекте де қардан өзге мүсін мен ғимарат салуды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.