Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

c 22:03, 07/09/2023 c 56

0:00 / 0:00

2023 жылы қала көшелеріне жарықшамдар орнату жоспарына сәйкес екі бірдей жоба дайындалған. Оның бірі – Әбілқайыр хан даңғылы, ал екіншісі – Зашаған кентіне қарасты Брусильовский көшесі. Бұл аумақта қозғалыс нөпірі көп. Қоғамдық көліктер тасымалы осы жолда жүзеге асырылады. Онымен қоса көше бойымен зырғып өтетін темір тұлпарларда есеп жоқ. Мұны ескерген мердігер мекеме жарықтандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, жарықшамдар көше сәніне айналып отыр.

(АЗАМАТ ХАЛЕЛОВ

ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Брусильовский көшесінің тұрғыны Асылхан Ғаббасовтың айтуынша, жақын маңда білім ошақтары, балабақша орналасқан. Олар үшін қараңғы көше қатынасқа қиын. Сондықтан көшені жарықтандыру бірінші кезекте  қауіпсіздік үшін қажет. «Көптен күткен өтінішіміз орындалды. Алда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ұсынысымыз аяқсыз қалмаса екен» дейді.

АСЫЛХАН ҒАББАСОВ

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының айтуынша, Әбілқайыр хан даңғылын жарықтандыру шаралары жыл соңына дейін аяқталады. Мердігер жол бойы және жүргіншілер жолына жарықшам орнатуды қолға алған. Құрылыс жұмыстары Депо көпірінен Алаш көшесінің қиылысына дейінгі аралықты қамтиды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.