Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарық бағанасына соғылған көлік

c 16:34, 26/10/2018 c 891

0:00 / 0:00

Бүгін таңғы уақытта мұнай базасы ауданында "ВАЗ-2114" теміртұлпары жарық бағанасына соғылып, нәтижесінде көлік жүргізушісі жабық ми жарақатын алды. Абырой болғанда көлік ішіндегі өзге жолаушылар дін аман. Қазір оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр.

Жол көлік оқиғасы жергілікті уақыт таңғы 8 бен 9-дың аралығында орын алған. Айдын күн аманында жарық бағанасына соқтығысқан көлік жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырған деген болжам жасайды сала мамандары.

АСЫЛБЕК САҚҚАЗОВ, «ЖАЙЫҚ ТАЗА ҚАЛА» ЖШС -НЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
"Бүгінгі ауа райы апатқа соқтырады деу қиын. Себебі аздап жаңбыр жауғаны болмаса, тайғақ емес, тұман болған жоқ. Тек жылдамқты шамадан тыс асырған болуы мүмкін. Қазір келтірілген шығын есептеліп жатыр. Кінәсі нақты дәледенсе жарық бағынасын көлік иесі қалпына келтіреді. Дәледенбесе «Жайық таза қала» кәсіпорыны жөндейтін болады".

Осы орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары көлік иесін жедел жәрдем дер кезінде ауруханаға жеткізгенін хабарлады.

АЙНАГҮЛ САҚПОСЫНОВА, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Көлік иесі 1989 жылғы азамат. Ол соққы салдарынан жабық ми жарақатын алған. Қазір ем алуда.

Ал «Жайық таза қала» кәсіпорынына келген шығын шамамен 100 мың теңгені құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.