Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарнама жарылқай ма?

c 15:50, 12/04/2019 c 921

0:00 / 0:00

Жарнама беру енді ақылы болады.Бұрын көшенің кез -келген бұрышына жарнама жапсыра беретіндердің аяғына енді тұсау салынады.Себебі ҚР Жарнама туралы заңына өзгерістер еніп, заң күшіне енді.Енді кез - келген кәсіпкер, ол тіпті табысты кәсіпкер болсын, жұмысты жаңадан бастаған жас кәсіпкер болсын әр жарнамаға ақша төлейді.Атап айтсақ, көшедегі LED экрандардағы жарнаманың әр қайсысы ақылы болады.Таяқтың екі ұшы болатыны секілді бұл заң жобасы да екі жақты ,пайдалы тұсы да бар, бизнеске тигізер кесірі де бар.Бұл заң жобасы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болса да, қала тазалығы үшін жақсы болмақ.Бұрын көшенің кез - келген жеріне жалбыратып жарнама ілетіндер енді азайатын болады.Одан қалса әріп қатесіне көз сүрінетін тақтайшалар мен сұрықсыз жарнамалар сүйікті қаланың көркін кетіріп жүрген .Жарнама туралы заңға енген өзгерістен кейін енді әр жарнама жапсыру үшін сіз ақша төлейтін боласыз.
Заң жобасында жарнамаға не жатады, не жатпайды бәрі анық көрсетілген.Қабырғада, есіктерде ілулі тұрған жұмыс графиктері, ақпараттық мақсаттағы жадынамалар жарнама болып саналмайды.Бұрын кәсіпкерлер LED экрандарда жарнама беру үшін бір мәрте төлем жасап келсе, енді сол LED экрандағы әр жарнамаға ақша төлейтін болады.Одан бөлек кез - келген кәсіпкер жарнама беру үшін алдымен рұқсат алу керек болады.
Бұл заң жобасы кәсіпкерлер үшін қиын соққалы тұр.Енді әр қадамы үшін ақша төлеу керек болады. Тіпті өзінің жеке мейрамханасы мен дүкенінің сыртына да жарнама іле алмайды.Өзімдікі деп өзеуреуге болмайды. Жарнама бердіңіз, ақша төлейсіз.Себебі жарнама ол табыс шақырушы құрал.Енді әр табысыңыз үшін салық төлеуге міндетісіз.Жарнама агенттіктері үшін енді бәрі қиындай түседі. Айтпақшы әлеуметтік желіде отырып алып, ананы -мынаны жарнамалайтындар да ақша төлейтін болады.
Жарнама бергеніңіз үшін ақша төлейсіз, егер ол ережені бұзсаңыз айппұл төлейсіз. Егер жарнамада дөрекі сөздер, ғайбаттаулар болса 1 мил дейінгі аралықта айыппұл төлейсіз.Бәрін айт та, бірін айт, бәрі үшін ақша төлейсіз.Елбасы бизнесті дамытындар, кәсіпті қолдаңдар деп қақсап жатқанда, бұл заңның қайдан шыға келгенін апам да, жездем де білмей отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.