Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәрмеңкеде жұмыс бар

c 17:20, 22/07/2022 c 2143

0:00 / 0:00

Орал қаласында жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылды. Іс-шараға 80 жұмыс орынын ұсынған компания мен мекеме қатысты.

Облыс орталығында жұмыс іздеп жүрген жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Қазіргі таңда өңірімізде жастардың саны 128 мыңды құрайды. Оның 3 пайызға жуығы "НИТ" санатына жатады. Қолына жаңа дипломын алған жастар жұмысқа тұрудың қиын екенін айтады. Жас түлектер қызметке қабылдану үшін жұмыс берушілер еңбек тәжірбиесін сұрайды деп қынжығылады.

Пандемияға дейін мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылып, жастардың қызметке араласуына сеп болатын еді. Алайда шектеулер жұмыс жоспарына көптеген өзгерістер енгізбегені мәлім. Биыл жастарға деп осындай екі үлкен жәрмеңке ұйымдастырылыпты.

Бос орындар жәрмеңкесінде 3000-ға жуық жұмыс орны ұсынылды. Ауылдық жерлерде мұғалімдер, дәрігерлер, ветеринар мен әлеуметтік қызметкерлер керек.

Ал, қаладағы еңбек нарығында техникалық мамандарға деген сұраныс көп.

Бос орындар жәрмеңкесінде жастар кеңес беріліп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.