Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәрдемақы жаңалығы

c 17:11, 04/12/2019 c 669

0:00 / 0:00

Жаңа жылдан бастап 4 немесе одан көп баласы бар отбасылар көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Бұл туралы сала мамандары мәлімдеді. Шамамен есеп бойынша өңірде 7 мыңнан аса отбасы аталған мүмкіндікке ие болуы мүмкін. Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға - 53 125 теңге, 6 балаға - 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді.Бұл мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады. Айта кету керек, 2018-2019 жылы отбасында толыққан балалар болса, оларды ата-анасы арнайы мекемеге келіп базаға енгізуі тиіс. Осылайша оларға төленетін жәрдемақы қайта есептелетін болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.