Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаппай вакцина салу басталды

c 19:14, 01/02/2021 c 508

0:00 / 0:00

Бүгіннен бастап Қазақстанда ковидке қарсы жаппай вацина салу басталды. Алғашқы болып медицина саласының қызметкерлері Sputnik V екпесін жасатып жатыр.  Елімізге Ресейде өндірілген  вакцинаның  22 мың дозасы жеткізілді. Халықтың вирусқа қарсы иммунитетін 50-60 процентке дейін жеткізсек, онда  бұрынғы өмірімізге қайта ораламыз. Сонда шектеу шаралары да, карантин де, локдаун да болмайды. Сондықтан, вакциналау қажет дейді  еліміздің бас санитары Ерлан Қиясов.Жалпы ақпан айында жүз мыңға жуық қазақстандық дәрігер вакцина салдырады деп жоспарланған. Сәуір айынан бастап 75 мың доза көлеміндегі отандық QazCovid-вакцинасын ай сайын көбейте отырып, 500 мың дозаға дейін жеткізу мақсаты тұр.

Адамзаттың әлемді жалмаған қауіпті індетпен күресіп жатқанына бір жыл толды. Ғалымдар жарыса ковидке қарсы екпелерді ұсынуда. Қазақстандық  QazCovid-вакцинасы да жақында қолданысқа енгізілмек. Ал бүгіннен бастап ресейлік Спутник-V екпесін салдыру басталды. Халық арасында жалпы вакцинаға сенімсіздік танытып отырғандар да бар. Азаматтардың күмәнін сейілткісі келген денсаулық сақтау министрлігінің басшылары вакцинаны бірінші болып өздеріне салдырды.Алайда, олардың арасынан денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды көрмедік. Бұған дейін де хабарланғандай, министр Цой отандық вакцинаны жасатуды күтіп отырған болар. Еліміздің бас –санитары Ерлан Қиясов пен вице-министрі Ажар Ғинияттың вакцина салдыру барысы журналистер назарында болды.  Екпе жасатып шыққан министрлік өкілдері 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алады. Олар өздерін жақсы сезініп тұрғандарын айтады. Вакцинаның күші 1 жылға дейін жетеді дейді вице-министр. Дәл бүгін еліміздің 1,5 мың медицина қызметкері вакцина салдырды.

Әзірге үкімет ресейлік вакцинаның бір данасын 10 мың теңгеден сатып алып жатыр.15 ақпаннан бастап Қарағанды ​​зауытында шығарылған "Спутник V" препараты вакцинация үшін қолданылмақ.  Ал отандық екпенің құны 2 мың теңгені құрайды. Осылайша, дәрігерлер тек ковидке қарсы екпе ғана бұл індетке тойтарыс бере алады дейді. Егер қазақстандықтардың 50-60 пайызы екпе жасатса, шектеу шаралары да, карантин де, локдаун да болмайды деп сендіреді министрлік өкілдері.

Елорданың бас дәрігері де вакцинаны  алғашқы болып салғызды. Нұр-Сұлтанның 700 мыңнан астам  тұрғынына  екпе жасау жоспары барын айтты.

COVID-19 қарсы екпе жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін жалғасып, 6 миллион адам вакцинацияланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.