Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәнібек ауданы бойынша 240 азамат баспана кезегінде тұр

c 11:51, 11/10/2018 c 792

0:00 / 0:00

Бұл туралы аудан әкімі Азамат Сафималиев мәлімдеді. Азаматтарды пәтерлермен қамтамасыз ету үшін аудан көлемінде құрылыс жұмыстары басталыпты. Олардың баршасы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асып жатыр. Өткен жылы мемлекеттің қолдауының арқасында 24 отбасы баспаналы болса, биылғы жылы құрылыс жұмыстары аяқталған тұста, 80 жанұя жаңа қоныс тойын тойламақ.

Биылғы жылдың тоғыз айында Жәнібек ауданы бойынша 900-ға жуық ірі қара мен 69 ұсақ малы бруцеллез дертіне шалдыққан. Олардың баршасы дерлік ет комбинаттарына тапсырылыпты. Бұл туралы аудан әкімі мәлімдеп отыр. Биылғы жылы аудан көлемінде ірі қараның қарасы көбейген. Қазіргі таңда аудан көлемінде мал басын көбейту үшін 170 шаруа қожалық пен 3 өндірістік кооперативтер қызмет жасап жатыр.

Жәнібектіктер үшін ең маңызды мәселе ол жол екені баршаға мәлім. Бүгінгі таңда Жәнібек ауданына баратын тас жолдың тек 20 шақырымы ғана жөндеу көрген. Биылғы жылы "КПО Б.В." компаниясының есебінен Жәнібек ауылына тиесілі 9 көшенің жолы жөнделуде.

Сондай-ақ, аудан әкімі киік популяциясының саны артқандығын тілге тиек етті. Ақбөкендердің саны артқанымен оларды аулап, броконерлікпен айналысқан бір факті анықталған. Қазіргі таңда, күдікті азаматқа қатысты сот процесі басталыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.