Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңбырдың зардабы аз болмады

c 18:15, 09/06/2021 c 806

0:00 / 0:00

Оралда жаңбыр зардабы жойыла бастады. Алайда ауа райын болжаушылардың дерегінше, шаһар аумағында бірер күнде тағы жаңбыр жауады. «Батыс су арнасы» ЖШС мамандары кәріз коллекторларынан аққан шайынды суларды сорып, жері опырылған аудандардағы жарылған кәріз желілерін жаңартуда. Оралдықтар өткен аптадағы нөсер жаңбырдан кейін әлі ес жия алар емес. Жауын суына лық толған қалалық кәріз жүйесі істен шықты. Салдарынан бұл сауда нысанының маңында орасан зор шұңқыр пайда болып, коммуналдықтарды әбігерге салуда. Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген. Опырылған жердегі кәріз құбырын ауыстыруды қолға алған «Батыс су арнасының» қызметкерлері әлі де болса тереңде орналасқан құбырды қазып алмаған. Өйткені шайынды суға арналған құбыр өте тереңге салыныпты.Естеріңізге сала кетеміз толассыз жауған жауынның салдарынан орталық көшелердің жолдары бірінен соң бірі опырылып, кейбір шұңқырларға көлік те түсіп кеткен еді. Төтеншеліктер қала ішіндегі бес көшенің осылай бүлінгенін айтса, жергілікті әкімдік өкілдері бірер күнде бәрін реттейміз,- деп сендірді. «Батыс су арнасының» басшылығы Шолхов көшесі бойындағы шайынды суға арналған құбырды жөндеу жұмыстары биыл толықтай аяқталатынын, оған қоса бірнеше көшеде апатты құбырлар ауыстырылап жатқанын тілге тиек етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.