Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңартылған энергия көзіне қашан қол жеткіземіз?

c 09:21, 10/02/2021 c 430

0:00 / 0:00

Биыл елімізде 23 жаңартылатын энергетика нысаны іске қосылады. Бұл жайында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады. Министрдің айтуынша, 5 гидроэлектр станциясы, 5 күн және 13 жел электр станциясы қамтылып отыр. Бұл нысандарды қосуға 370 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылмақ. Жалпы Қазақстанда баламалы энергия көзін пайдалануға қашан қол жеткіземіз? Бұл жайында тілші репортажынан.

Қазақстан 2017 жылы әлем халқын жинаған ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізді. Мақсат-күннен, желден энергия көзін тарту. Көрме кезінде әр елдің баламалы энергия көзін қолданып жатқан тәжәріибесіне куә болғанымыз есімізде. Тіпті пілдің тезегінен да энергия көзін алып отырғандарды көрдік. Ал ауылдықтар үшін бұл жаңалық болмады. Себебі, малдық тезегін отынға қолданып жүрген ауыл халқын таң қалдыра алмады. Осы көрме арқылы Қазақстан өзін әлемге бір танытса, екінші жағынан экологияны аялайтын ел ретінде әрекет жасап жатқанын көрсеткісі келді. Дегенмен, жаңартылған энергия көзін қолдану елде әлі де болса кенже қалып отыр. Министрдің сөзінен түсінгеніміз  алдағы 30 жылда сол көмірге тәуелділіктен толық арылмайтын  сияқтымыз.

Алайда, көңіл қуантатын жаңалық та жоқ емес. Биыл елімізде құны 370 миллион доллар тұратын 23 жаңартылған энергетика нысаны іске қосылмақ.

Қазақстан жаңартылатын энергия саласына атйралықтай қаржы тартып жатыр. Энергетика министрінің мәліметінше, шетелден 613 млн доллар көлемінде инвестиция тартқан. «Жасыл» энергия секторында қазір әлемнің 10 елінен инвесторлар, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкі сияқты  бірқатар ірі қаржы ұйымдары жұмыс істеп жатқан жайы бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.