Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жанармай арзандады

c 17:00, 09/04/2019 c 731

Наурыздан бастап Оралдағы жанармай бекеттерінде АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасының 4-5 теңгеге түскенін байқауға болады. БҚО энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасыНЫҢ бөлім басшысы Бейімбет Мусиннің айтуынша, 2019 жылы наурыздың ортасынан бастап жанар-жағармай материалдарының бағасы түскен. «Орал Жан-Ойл» ЖШС компаниясының АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 145 теңге болды, қазір ол 140 теңге тұрады. Басқа да жанармай құю бекеттерінде осындай жағдай. АИ-92 маркалы бензиннің ең жоғарғы бағасы - 148 теңге, ең төменгі бағасы-139 теңге. Бағаның төмендеуі зауыттардағы шығарылатын бензиннің профицитімен байланысты. Облыс ішкі нарығының АИ-92 және АИ-93 маркалы бензині және «Конденсат» АҚ өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі. Қазір АИ 92 жиынтық қоры - 6 мың тонна. Сонымен қатар, облыстың аудандарындағы «Алау» ЖШС сұйытылған газдың бөлшек бағасын 81 теңгеден 1 литріне 78 теңгеге дейін төмендеді, - деді Бейімбет Мусин. Айта кетейік, 2018 жылы АИ-92 маркалы бензиннің литрі 160 теңгеден сатылды. Бөлім басшысының айтуынша, қазіргі уақытта облыстың мұнай базаларында отын көлемі жеткілікті екен. «Жалпы нарықтағы жағдай тұрақты. Жанар-жағармай стансаларында тапшылық пен кезек жоқ".

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.