Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАУ

c 18:49, 31/08/2023 c 47

0:00 / 0:00

БҚО ТЖД есебіне 212 жанар-жағармай және автогаз станциясы алынған. Департамент тарапынан ондағы қауіпсіздік тұрақты бақылауда. Мәселен, 2022 жылы тексеріс шарасы кезінде 355 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны анықталған. Нәтижесінде 1 699 965 теңге әкімшілік айыппұл салыныпты. Ағымдағы жылы «Газбаллон» республикалық профилактикалық іс-шарасы шеңберінде газбаллон жабдығын орнатқан көлік құралдарының заңнама нормаларын сақтамауы анықталып отыр.

САМАТ МОЛДАШЕВ

БҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Мамандардың айтуынша, автожолдарда рұқсат құжаттарынсыз газ жабдығы орнатылған автокөлік құралдарын пайдаланатын жүргізушілердің саны артқан. БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері рейд барысында 4 азаматты ұстады. ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бағыттағы жұмыстарды ТЖД аумақтық бөлімшелер және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.