Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢАӨЗЕН ДАУЫ

c 10:09, 13/04/2023 c 117

0:00 / 0:00

Күні кеше елордада бас көтеріп, кейін қамауға алынған жаңаөзендік жұмысшылар үйлеріне қайтарылды. Бүгінтаңмен поездбен жөнелтілді. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің мәлімдеуінше, елордадағы заңсыз жиналыста 120-дан аса адам ұсталды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзудың алдын алу мақсатында ішкі істер органдары заңсыз жиналысқа қатысушыларды ішкі істер органдарына жеткізген болатын. Нәтижесінде тиісті профилактикалық жұмыс жүргізілді. Қазіргі таңда барлық жұмысшы елдеріне қайтарылды. Бірақ араларында айрықша белсенділік көрсеткен 5 азаматқа қатысты тиісті әкімшілік іс қозғалып, олар сотта қаралатын болды. Прокурордың айтуынша, 5 мұнайшыға қатысты ескерту тәртібінде шара көрсетілді. Бірақ олар да үйлеріне қайтарылды. Мұнайшылардың жанайқайына қатысты Парламент депутаттырының пікірін білген едік.

Күні кеше Астанаға келіп, жұмыс талап еткен жаңаөзендік мұнайшылардың мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Олар Энергетика минситрлігі мен ҚазМұнайГаз компаниясынан жұмыс сұрады. Жалақын өсіруді, жұмысшыларға әлеуметтік пакет беруді талап еткен еді. Өздеріңіз куә болғандай энергетика министрлігінің алдында түнеген наразы топты кеше кешкісін полицияның арнайы жасағы алып кетті. Оларға заңсыз митинг өткізді деген айыппен полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ал Маңғыстау өңірінде кеше ұсталғандардың босатуды сұраған топ көшеге шыққан еді. Елордада тиісті түсіндіру жұмыстарынан соң барлық ұсталған 120-дан астам адам босатылды. Олар таңмен өз елдеріне поездбен жөнелтілді.

Бас прокурордың орынбасары атап өткендей, басқа өңірлерде көшеге шыққандар туралы хабарлама жоқ. Тек Жаңаөзенде болды. Ал наразылық білдіргендердің арасында айрықша белсенділік көрсеткен 5 азаматқа қатысты тиісті әкімшілік іс қозғалып, олар сотта қаралатын болды.

Өз өңірінде өз мәселелелері шешілмегесін Астанаға келген мұнайшылардың мәселесіне қатысты депутаттардың пікірін білген едік.

Күні кеше жерлестерінің жанынан табылмаған Еділ Жаңбыршин мәселені көшеде шешпей, депутаттық сауалмен реттеуді жөн санапты. Ол үкіметке жолдаған сауалында компаниялар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» ережелерінің ескіргенін және қазіргі жағдайға сәйкес келмейтінін айтты. Сол себепті мұндай даулар көп орын алып отыр. Мәжілісмен «Самұрық-Қазына» қоры өздерінің ережелеріне өзгерістерді тез арада енгізуі қажет деп санайды.

Депутат үкімет басшысынан кешегі дау туғызған тендерлік процедураларды жан-жақты зерттеп, егер кемшіліктер анықталса тиісті шешім қабылдамаған квазимемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартуды сұрады. Ал мұнайшылардың мәселесіне қатысты комиссия құрылғанын айтып өткім келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.