Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңақалада 61 пәтердің құрылысы аяқталады

c 14:31, 05/10/2021 c 865

0:00 / 0:00

Бұл -мемлекеттік бағдарлама бойынша өткен жылы құрылысы басталған үй. 3 қабатты нысан баспана кезегінде тұрған 21 отбасыға жалға беріледі. Және Жаңақала ауылында көпбалалы отбасыларға 40 пәтер табысталмақ. Құрылыс жұмыстары желтоқсанда аяқталады екен. Қазіргі таңда 3 қабатты үйдің төбесі әлі жабылмапты. Десек те, электр желілерін тартатын және ғимараттың ішін әктейтін мамандар құрылыс басында жүр.

Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесімен танысты. Өткен жылдары 8 елдімекеннің халқын сумен қамтамасыз ету үшін "Жаңақала-Тоқтысу" құбыры іске қосылған-ды.

Облыс әкімі судан бөлек электр желілерінің қалып-күйімен танысты. Ауданда жарық бағаналарының 80-90 пайызға жуығының тозығы жеткен. Тіпті ескіріп, үзілген желілерді жалғайтын маман тапшы. Ауылдағы ағайыннан бөлек, қаладағы тұрғындар да жел тұрса болды, жарықтан жиі ажырап қалады. Алайда соған қарамастан тариф бағасы шарықтап шыға келді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.