Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа жылдық шырша

c 16:14, 24/12/2019 c 859

0:00 / 0:00

Орал қаласында «Біз еліміздің жарқын болашағымыз" атты балалар шыршасы өтті. Шараға 180 оқушы қатысты. Олардың 126-сы 12 ауданнан келген балалар. Аймақ әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысқан әрбір оқушыға «Білім буук" бағдарламасы жүктелген планшет, тәтті сыйлар мен кітап сыйға тартылды. Мерекелік шырша үшін бюджеттен 18 млн теңгедей қаражат бөлінген.

Орал қаласында балаларға арналған жаңа жылдық кештер өз жалғасын табуда. Облыс әкімінің шыршасына 180 оқушы қатысты. Олардың 126-сы ауданнан келген -балалар. Шыршаға қатысқан оқушылардың арасында оқуда озат, түрлі жүлдені тақымдап жүрген жеңімпаздар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер мен облыстық мектептің тәрбиеленушілері бар.

Енді жаңа жылдық мерекеге кеңінен тоқталсақ. Жаңа жылдық шыршаға келген оқушылардың көңіл күйін көтеріп, оларға жағымды естелік сыйлауға Ақ жайық өңірінің түгел дерлік өнер ұжымдары жұмылдырылған. Әртістер балаларға жақсы таныс түрлі мультфилімнің кейіпкерлерінің образын сомдап, балалармен бірге ән айтып, би билеп, шырша айналып ойын ойнады. Балаллар тіпті таңғажайып фокусты да тамашалады.

Мерекелік кешке келген оқушылар жүрек жарды пікірлерін ортаға салып, алған әсерлерімен де бөлісті.

Облыс әкімі жаңа жылдық шыршаға келген бүлдіршіндерді құттықтап, ақ жарма тілегін жіпке тізді.

Жаңа жылдық шыршаға қатысқан әрбір мектеп оқушысына білім буук бағдарламасы жазылған планшет, тәтті сыйлар мен кітап сыйға тартылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.