Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШКЕ РҰҚСАТ БЕРІЛЕ МЕ?

c 09:53, 24/11/2021 c 1184

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар жаңа жылдық кеш өткізу мәселесін қызу талқылап жатыр. Елде эпиджағдай тұрақтала бастаған соң, халық мерекелеуге ниеттеніп отыр. Алайда, еліміздің бас дәрігері жаңа жылдық кешті ұжым болып, жаппай тойлауға рұқсат беруге асықпайды. Денсаулық сақтау министрі бұл мәселенің әр аймақтың бас санитарлық дәрігері өзі шешеді деп отыр. Яғни өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға қарай шешім қабылданбақ.

Қазақстандықтарды алда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жаңа жылды қарсы алу мерекелері күтіп тұр. Әрине ел Тәуелсіздігін атап өту ресми жиындар мен мерекелік концерттермен шектеледі. Ал жаңа жыл кешін әр ұжым жиналып, мейрмаханалатып тойлайтыны сөзсіз. Елде эпиджағдай тұрақтала бастаған соң, халық жаңа жыл кешін атап өтуге қамданып жатқаны жасырын емес. Енді бұған ресми түрде рұқсат беріле ме, жоқ па? Денсаулық сақтау министрі бұл миссияны өңірлердің бас санитарлық дәрігерлеріне жүктеп отыр.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі. Қоғамдық және тамақтану орындары мен концерт залдарға қанша адамның кіруге болатындығы туралы. Оны сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың таралуы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар»

Дегенмен, министр қауіпті індеттің әлі жойылмағанын еске салды. Еуропа елдері мен көрші Ресейдегі жағдайды назарға алып, сақтық тантықан жөн деп отыр.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Жағдай жақсарды. Енді бәріңіз той-тойлап, қызықтағыз келеді. Бірақ өкінішке орай, коронавирус жойылған жоқ. Еуропада не болып жатқанын көріп отырсыздар. Онда локдаун енгізілді. Ресейде, басқа да көрші елдерде ажғдай мәз емес. Әрине бізде эпиджағдай жақсарып қалды. Біз вакцина алуды одан әрі күшейтіп, ұжымдық иммунитетті біртіндеп дамытамыз»

Министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап, халықтың 70 пайызы вакцинация алғанда ғана пандемияға қатысты жағдай өзгеретінін айтты.Ал үкімет басшысы елде вакцинациялау деңгейі әлі де болса жеткіліксіз деп отыр.

Кейбір аймақтарда бас санитарлық дәрігерлер эпиджағдайдың жақсаруына қарамастан, жаңа жылдық кештер өткізуге тиым салатынын мәлімдеді. Соның бірі Алматы қаласының бас санитары Жандарбек Бекшин «қызыл», «сары», «жасыл» аймақта болсақ та ұжымдық кештерге тыйым салынады деді. Себебі, індет таралуда, ал ұжымдық шараларды өткізетін болсақ, жағдай ушығып кетеді деп сақтануда. Тіпті Бекшин балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге болмайтынын кесіп айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.