Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа жобалар

c 17:48, 23/08/2019 c 636

0:00 / 0:00

"Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы " АҚ "100 көше сауда орны" жобасын қолға алды. Бастама өз ісін бастаймын деушілер үшін таптырмас мүмкіндік. Яғни кәсіпкерлерге шаһар орталығынан жер телімдері арзан бағаға беріліп, жабайы сауданың жолы жабылмақ. Аталған жоба облыс әкімінің тапсырмасы негізінде қолға алынған. Жобаның мақсаты - кәсіпкерлік саласындағы қайшылықтарды азайту, бизнес субъектілері үшін әкімшілік процедураларды жеңілдету, қаланы абаттандыру стандарттары бойынша біріңғай типтегі сауда орындарын жасақтау болып табылады. Сауда нүктелеріне арналған жер учаскелері аукцион арқылы беріледі. Яғни белгіленген тәртіп бойынша бос жерлер аукционға шығарылады.Корпорация мамандары өңірде жүзеге асырылуы тиіс тағы бір жоба туралы тілге тиек етті. Мәселен сутедентік жатахана құрылысын қолға алу арқылы пайда табуға мүмкіндік бар. Батыс Қазақстан облысы студенттік жатақханалар қажеттілігі бойынша республикада үшінші орында тұр. Бұл мәселені ел аумағында шешуге  сала мамандары кірісті. Студенттік жатақханаларды МЖӘ механизмі бойынша да салуға болады. Жылдан жылға жатақханаға деген сұраныс артып келеді. Өңірде 5 жатақхана құрылысын бастау жоспарланып отырса, осылайша аталған мәселе 2021 жылға дейін шешіледі. Білім беру басқармасы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын қолға алған. Сондықтан инвесторларлардан артық шығын да шықпайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.