Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа мектеп құрылысы басталды

c 17:16, 11/03/2021 c 516

0:00 / 0:00

Орал қаласында биыл 53-ші мектептің құрылыс басталуы мүмкін. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова мәлімдеді. Қазір білім беру нысанының жобалық сметалық құжаттары дайындалған көрінеді.Жаңа нысан ашылған сәттен үш ауысымды мектептер мәселесі толықтай шешілетін болады. №53 мектеп Оралдағы Зашаған кентінде бой көтереді деп жоспарланған. Ал шаһарда апатты деп танылған №33 және №31 білім ошақтарының орнында су жаңа мектептер салынуда. Екі жылға жуық уақыттан бері Ет комбинаты ауданда құрылысы жүріп жатқан №33 ЖББОМ-інің орнына төрт қабатты мектеп тұрғызылуда. Атап өткен жөн МЖС аясында инвестор қаржысына бой түзейтін №31 мектептің құрылысында біраз кідіріс болды. Облыстық құрылыс басқармасының мамандары жұмыстар күн жылынысымен басталады дейді. Өйткені қазіргідей суық уақытта жер асты құбырлары мен жылу желілерін қозғау бірқатар проблемаларды тудыруы мүмкін. Ал №33 ЖББОМ жұмыстар ретімен орындалуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.