Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа қоқыс контейнерлері қойылды

c 17:17, 21/06/2021 c 608

0:00 / 0:00

Қала әкімдігінің жанынан құрылған топ орталық базар аумағындағы сауда орындарына рейд жүргізді. Арнайы топтың құрамында құзырлы бөлім басшылары, депутаттар, жергілікті полиция және «Орал таза сервис» ЖШС қызметкерлері бар. Бұрын жүргізілген рейд кезінде кәсіпкерлерге қоқыс шығару үшін коммуналдық мекемелермен жеке келісімшарт жасау қажеттігі және әр сауда орнының алдында қоқыс контейнерлері болуы тиіс екендігі түсіндірілген болатын. Бұл шаралар орталық базар айналысындағы тазалықты сақтауға мүмкіндік береді.Аталған жұмыстардың нәтижесінде базар аумағындағы 18 кәсіпкер коммуналдық мекемелермен келісімшарт жасасып, контейнерлер қойған. Қалған кәсіпкерлер де тазалық шараларын жүргізуге ниетті.Осындай рейдтік жұмыстар бұдан былай да жалғасын табады. Екі ай ішінде орталық базар аумағына шамамен 90 контейнер қойылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.