Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛҒАН ВАКЦИНА ПАСПОРТЫН САТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

c 09:35, 12/07/2021 c 349

0:00 / 0:00

Қауіпті індеттің таралуына қарсы күреске арналған қаржыны талан-таражға түсіп жатыр. Ковидке қарсы вакцинаның жалған паспортын жасаған медицина қызметкерлері ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтуынша, заң бұзған дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ, Ақмола және Алматы облыстарында ұсталып отыр. Жалпы пандемиямен күрес шараларына бөлінген қаржыны жұмсауға қатысты 104 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды. Медициналық құрал-жабдықты сатып алу кезінде бюджет қаржысын жымқыру әрекеттері тыйылар емес. Медициналық техниканы тым жоғары бағамен сатып алу фактілері орын алған. Қазынаға 1,5 миллиард теңгеге шығын келді.

Коронавирусқа қарсы екпе салдырмай-ақ, оның төлқұжатын алуға болады деген халық арасындағы қауесет расталып отыр. Қазынаның қыруар қаржысына сатып алынып, тегін жасатып жатқан ковидке қарсы екпені төгіп тастап, жалған вакцинациалау паспортын жасаған медицина қызметкерлері қолға түсті. Қазақстандықтардың арасында екпеге сенім жоқ. Қазір вакцина жасау міндеттеліп жатыр. Одан шығудың бір жолы жалған вакцина паспортын жасату деп ұйғарғандарға кейбір денсаулық сақтау ұйымдары осылай жағдай жасап беріп отыр. Не керек  вакцинаға кеткен  қазына қаржысы жерге төгіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мұндай заң бұзушылықтар Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола және Алматы облыстарында тіркеліп отырғанын айтты.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ – ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ "Еліміздің үш өңірінде вакциналау төлқұжаттарын сатқан медицина қызметкерлері ұсталды. Олар екпе салдырмаған адамдарға құжат берген. Ал вакцинаны төгіп тастаған. Осылайша, халық денсаулығын пайда табу көзіне айналдырды. Бюджет ақшасы болса, желге ұшып жатыр. Сонда жалған төлқұжат алған адамдар біздің арамызда жүр. Олар халықтың денсаулығына қауіп төндіреді ғой"

Жалған екпе паспортын сатқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатқандықтан осы іс бойынша жауапқа тартылатындарды қандай жаза күтіп тұр,   вакцина төлқұжаты қаншаға сатылды, неше адам жалған вакцинамен жүргені жайында мәлімет айтылмады.

Еске сала кетейік, мұның алдында  Ішкі істер министрлігі биыл жалған ПТР-анықтама жасағаны үшін азаматтардың үстінен 23 қылмыстық іс қозғалғанын, ал жалған вакцина паспортын әзірлеу бойынша төрт қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаған болатын.Ішкі істер министрлігі  Алматыда шетелге шығатын адамдарға жалған вакциналау паспорттарын дайындаған туристік компания анықталғанын хабарлап отыр. Сауд Арабиясы Корольдігіне баратын қажыларға барлығы 143 паспорт жасалған. Туристік фирманың кеңсесін тінту кезінде ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері табылған. Министрілктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалған құжат дайындағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.