Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалған қоңырау жарға жықпасын

c 17:45, 07/11/2018 c 780

Биылғы жылы 3 батыс қазақстандық жалған қоңырау соққаны үшін сотталған. Сала мамандары азаматтар бұндай қадамға ішімдік ішіп барады,- дейді. Жалған қоңырау шалған азаматтар әдетте бұндай қадамға көңіл көтеру үшін баратын көрінеді. Құқық қорғау органдарының мамандары қоңырау соққан телефон нөмірді анықтайтын арнайы құрылғы жұмыс жасап тұрғандығын айтып берді. Оның көмегімен барлық нөмірді анықтауға болады. Соңғы рет мұндай жағдай бір ай бұрын орын алған. Яғни, әйел адам қиын жағдайға тап болған жандарға арналған орталықтың ішінде жарылғыш зат бар деп қоңырау соғып, ақпарат таратқан. Қоңыраудан соң, барлық құзырлы органдар алып ұшып, орталыққа барып, 48 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Бірақ, жарылғыш затты таба алмапты. Кейін, іздестіру және тергеу жұмыстары барысында 33 жасар "Р." есімді азаматша қолға түскен.Қазіргі таңда Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.