Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалған есеп-бақылау маркалары бар алкоголь өнімін саудалаған азамат сотталды

c 15:58, 05/05/2020 c 399

БҚО жалған есеп-бақылау маркалары бар алкоголь өнімдерін саудалаған кәсіпорын басшысының орынбасары сотталды. Бұл туралы облыстық экономикалық қылмыс департаментінің мамандары хабарлайды. Келіп түскен ақпарға сүйенсек, былтыр шілде айында кәсіпорынның орынбасары жалпы соммасы 6 млн теңгеге 33 мың әртүрлі спирттік өнімді сатып алған. Ол тауарларын Ақсай мен Орал қаласында саудалап келген. Жалған есеп-бақылау маркаларын саудалаған азаматқа қатысты сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233 бабы бойынша айыпты деп танылып, 1 жыл кәсіпкерлік қызмет жасау құқығынан айырып және 1 жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім кесті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.