Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалақы дауы

c 17:53, 01/03/2019 c 659

0:00 / 0:00

Бүгін түс ауа «Жайық таза қала» ЖШС 47 қызметкері кәсіпорын алдына жиналып, басшылыққа өз қарсылықтарын білдірді. Олардың негізгі дауы жалақы. Қызметкерлердің айтуынша, бұған дейін жүк көліктерін айдаған қызметкерлер басшылықтың бұйрығы бойынша бүгінен бастап қар тазалау жұмыстарымен шұғылдануы қажет екен. Басты түсініспеушілік осыдан өрбіген.Яғни тракторшылар мен камазшылар көліктерді тапсыруы тиіс көрінеді.
Яғни жұмысшылар негізгі қызметтен айрылсақ жалақымыз азайады деген қорқыныштарын жасырмайды. Ал басшылық болса, кәсіпорынға жұмыс қолының жетпей жатырғанын айтып, қызметкерлердің алаңдауына еш негіз жоқ екенініне сендіруде.
Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы түсініспеушілікке қала әкімі Мұрат Мұқаев пен оның орынбасары Сергей Доля араласып жұмысшылар еңбегі қаналмайтынана көздерін жеткізді.Осылайша қос тарап өзара ортақ шешімге келіп, қызметке қайта кірісті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.