Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайыққа қауіп бар ма?

c 16:47, 15/04/2019 c 519

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы затон чапаева аталып кеткен аймақтағы су қоймасына белгісіз сұйықтық төгіліп кеткен. Алдын ала болжам бойынша суға төгілген мұнай өнімі болуы мүмкін.Бірақ нақты ақпартты ешкім бермей отыр.Белгілі болғаны қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.Орал қаласындағы затон Чапева аталып кеткен аумақ. Осы су арнасы Жайыққа апарып құяды.Өзеннің жанына жақындаған бетте иісті байқадық.Ал, су бетіндегі майлы дақылды қала тұрғыны бірінші болып көрген.
Оқиға орынына алдымен Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының апатты құтқару қызметі жетеді.Олармен бірге өзен жағасына келген экология департаментінің мамандары судан сынама алды.Оқиға орынында төтеншеліктер, экологтар, прокуратура мамандары және БҚО ПД тергеу тобы жұмыстанып жатыр.
Алдын ала болжам бойынша Жайыққа мұнай өнімі төгіліп кеткен болуы мүмкін.Қазір осы бойынша полиция департаментінің тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.Судан алынған сынама сараптамаға жіберілген.
Сот сараптамасының қорытындысы шыққаннан кейін ғана ол жерде қандай заң бұзушылықтар болғаны анықталатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.