Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жайық жылу қуат" АҚ жылыту маусымына дайындықты күшейтті

c 17:08, 11/09/2018 c 1682

0:00 / 0:00

"Жайық жылу қуат" АҚ жылыту маусымына қосылуға 98 пайызға дайынбыз деп мәлімдеді. Қазіргі кезде жылу құбырларында қысқы уақыттағы апаттың алдын алуға бағытталған сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті қаланың кей аудандары ыстық судан ажыратылған. Ал жылу ақысының төленбеуі-коммуналдықтар үшін өзекті мәселе болып қалып отыр. Орал қаласында биыл 4 жылу магистралінде жөндеу жүргізілген болатын. Олар 2ші, 7ші, 4ші және 8ші жылу желілері.

-"ТМ 2 жылу желісінде жұмыстар бітіп, ыстық су қосылды. ТМ 7 желісі 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс болса, 4ші, 8ші жылу желілері 30 қыркүйекке дейін дайын болады деп күтіліп отыр. Жылыту маусымына дейін барлығы әзір болады. Жылыту маусымы 15-қазанда басталады",-дейді "Жайық жылу қуат" АҚ бас директоры Мұрат Бәйменов.

Коммуналдықтар жылыту маусымына дайындық кезінде тұтынушылардан борыш ақыларын өндіру деңгейі төмендеп кеткенін айтып отыр. Бұған ата-аналардың мектепке дайындығы мен күзгі қарбалас себеп болуы мүмкін деп болжайды мамандар. Бүгінгі күні қала тұрғындары "Жайық жылу қуат" АҚ-на 371 млн. теңге бережақ болса, кәсіпорын газға 245 млн. теңге борышты.

Биыл облыста 40 шақырым жылу желісі жөнделуі жоспарланған еді. 5 жоба "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Жылыту маусымына дайындық кезінде иесіз үйлер мен жатақханалар мәселесі қиындық туғызуда. "Жайық жылу қуат" АҚ жылыту маусымына қосылуға 98 пайыз дайын екенін хабарлады. Тұрғын үйлердің басым бөлігі желілерін жуып, үй құжаттатын рәсімдеп қойыпты. Күн суытса бірінші кезекте мектеп, балабақша, аурухана сынды әлеуметтік нысандар жылу көзіне белгіленген мерзімнен ерте қосылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.