Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайық жағалауының жағдайы

c 18:06, 22/06/2021 c 841

0:00 / 0:00

Осыдан сегіз жыл бұрын "Жайық жағалауы" пайдалануға берілген еді. Жағалаудың құрылысы аяқталған кезде бөркін аспанға атып, қуанған оралдықтардың қарасы қалың тұғын. Алайда бұл қуаныш көпке созылмады. Қазіргі таңда Жайық жағалауының жағдайы мәз емес.

Өрнек тастардан өзге жағалау бойында орналасқан "Бекіре" субұрқағы да істен шығып, іші күл-қоқысқа толған. Жайық жағалауында таза ауада серуендейтін тұрғындар да жағдайдың мәз емес екенін айтады. Олар бұрынғы күтімнен ештеңе қалмай, биыл жағалаудың жаңармағанына назалы.

Оралдықтардың көзайымына айналған жағалау қашан жөндеу көреді деп жергілікті атқамінерлерге сауал жолдадық. Атқарушы билік қаражат сұрап отырмыз, егер қаржы бөлінсе, жөндеу басталады деп қысқа қайырды.

Естеріңізге сала кетейік, Жайық жағалауы 2013 жылы салынып, қолданысқа берілген еді. Құрылыс жұмыстарын жүргізген компания сынған, тозығы жеткен дүниелерді 8 жыл бойы алмастырып, жөндеумен айналысқан. Биыл осы келісімшарттың уақыты аяқталып, енді билік жағалауды жөндеу үшін қаражат сұрап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.