Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жайық сазы" өнер фестивалі өтті

c 18:46, 03/09/2018 c 999

0:00 / 0:00

Орал шаһарында осымен екінші мәрте "Жайық сазы" дәстүрлі ән фестивалі өтті. Аталмыш шара Елбасының "Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру" бағдарламасының және қала күні қарсаңында ұйымдастырылды. Ән фестиваліне ат артып келген қатысушылар елдің түкпір-түкпірінен келген болатын.

Былтырғы жылы ұйымдастырылған облыс көлеміндегі ән фестивалі қала тұрғындарының көңілінен шыға білді. Өткен жылы Ақжайық жұртшылығына тамаша тарту жасаған өнер иелері биылғы жылы фестивальға қатысқан жандардың өнеріне баға беріп, ақыл кеңестерін айтып отырды. Сахнаға шыққан әрбір өнерпаз дәстүрлі әндерді нақышына келтіріп орындап, күйшілердің баршасы домбыраның құлағында ойнады.

Шара ұйымдастырушылары "Жайық сазы" дәстүрлі ән фестивалін келешекте ұйымдастыруды көздеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.