Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайық өзенінен адамның мүрдесі табылды

c 17:50, 02/12/2021 c 1502

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі Жайық өзенінен жеті күннен кейін табылды. ПД мамандары мәлімдегендей 30 қараша күні Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында Жайық өзенінен 34 жастағы ер адамның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылған.Марқұм 23 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Іздестіру іс-шаралары барысында Приурал полиция бөлімі Январцев ауылының С. деген тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті осы қылмысты жасағанын мойындаған. Ол ҚР Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Бүгін марқұмның туыстары мүрдені алып кету үшін Оралға келді. Олардың айтуынша 39 жастағы азамат 25 қараша күні түнгі сағат 01:00-де үйінен шығып кетіп оралмаған. Туыстары марқұмның оғаш мінезінің болмағынын айтады.
Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 57 адамға іздеу жарияланса, соның 8-і табылған жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.