Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала әкімінің жүлдесі сарапқа салынды

c 19:33, 04/09/2018 c 695

0:00 / 0:00

Оралдықтар қала күнін тойлау барысында қала әкімінің кубогі сарапқа салынған әзіл фестивалін тамашалады. Аталмыш фестиваль дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, Ақжайық өлкесінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастардың басын қосып келеді. Биылғы әзіл додасында он команда қатысыпты. Олардың дені Алматы, Ақтөбе, Қызылордадан келген әзілкеш жастар еді.

Ақ жайық өлкесіне арнайы ат басын бұрып келген түрлі өңірдің қатысушылары Оралдық жайдарманның ұйымдастырылу деңгейі мен Ақжайық жұртының қонақжайлылығын атап өтті.

Жайдарман ойындарын көруге келген Оралдық жастардың қарасы қалың еді. Тіпті, амфитеатрда ине шаншар орын болмады. Жайдарманшылардың әзілі түрлі тақырыпты қамтыды.

Сайыс соңында Ақтөбенің "Фемида" командасы бас жүлдені қанжығалап, Боранқұлдық Нұрлан Сағидуллин үздік ойыншы номинациясына ие болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.