Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайдарлы жайдарман

c 17:23, 24/09/2020 c 540

0:00 / 0:00

Жайдарман ойыны әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Ал біздер сапалы ойынды сахна алдында отырып тамашаладық. Ойынға шаһарымыздағы жоғары және арнайы оқу орындарының студенттерінен құралған 9 жайдарман тобы қатысты. Жүлдеге қала кубогі тігілген болатын. Барлық топтыңтың дайындықпен келгені көрініп тұр. Әдемі әзілмен қоғамда көрініс тапқан астарлы проблемаларды жеткізе білді. Басты мақсат жастардың басын қосып, жас жайдарманшыларды шыңдау дейді шараны ұйымдастырушылар.
Сайыс нәтижесінде үшінші орынға «Космос» құрамасы лайық деп танылса, екінші орынға М.Өтемісов атындағы БҚУ атынан келген «Белес» құрамасы тұрақтады. Ал қала күніне арналға студенттер арасындағы жайдарман фестиваліне жолдаманы "Жаңа толқын" тобы иеленді. Ойын барысында "Үздік ойыншы" аталымы Ақжайық ауданы колледжінен келген "Ампер" жайдарман тобының мүшесі Ғимран Ерсұлтанға бұйырды. Ең бастысы арамыздағы достық арта түседі дейді жайдарманшылар.
Шара соңында фестивалге қатысқан барлық топ алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.