Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жабайы жануарлардың көзі жойылады

c 17:21, 02/03/2021 c 467

Былтыр жоспар бойынша 3000-ға жуық ит ауланған. Ереже бойынша бұл иттер бір апта арнайы орында ұсталады да қауіптілерінің көзі жойылып, қалғандары өз мекендеріне қайта жіберіледі. Осы жұмысты қолға алып отырған ветерианарлық станция қызметкерлері өткен аптада ауланған бірнеше жануарды бүгін ұсталған аумақтарына қайта жіберді. Жыл басынан бері 600 жануар ұсталып, олардың 300-дейі хирургиялық әдістермен залалсыздандырылып, қауіпті деп танылған 218 бас иттің көзі жойылыпты. Бұл шараларға жануарларды қорғаушылар тобындағы еріктілер де атсалысуда. Бүгінде шамамен Оралдағы питомниктерде 500- ден аса жануарлар бар.Иесіз жүрген көше жануарларының адамға шабуылының салдары құтырма дертін жұқтыру мәселесін тудырады. Сол себепті бұл жағдайдың алдын алу өзекті. Санитар дәрігерлер болса соңғы жылдары облыста құтыру дерегінің тіркелмегенін айтады. Алайда бұл жайбарақат жүруге себеп емес.Биыл осы бағыттағы шараларға қазынадан 28 млн теңге бөлінген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.