Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жабайы саудаға жоламаңыз!

c 17:48, 16/04/2019 c 776

0:00 / 0:00

Жабайы саудаға жоламаңыз! Орталық базар маңындағы  заңсыз саудаға жол берілетін көшелерге арнайы белгі қойылды. «Ауру астан» екенін ескерсек көше бойын жағалай сатылған тағамнан бас тартыңыз. Өйткені ішек инфекциясы аурулары сапасыз тағам тұтынудан болуы мүмкін. Өткен аптадан бері сала мамандарынан құралған топ көше бойындағы саудагерлерге арнайы орындар ұсынып қажетті ақпараттар тартуда. Деседе  кәсіпкерлердің жан айқайына құлақ түрсек, ескерту шараларына пысқармай жатқандар бар көрінеді.  Түсірілім тобымызды көре сала арбасын ала қашқандар да керісінше өздерінің әрекеттерін оң бағалағандар да табылды. Полицейлер мен қалалық әкімдік өкілдері тыйым салынған орындарда тұрақтаған саудагерлерді таратып әуре. Тазалықтан жұрдай жерде көп жағдайда сүт балық және ет өнімдерінің саудасы қызған. Біреу бұл жағдайды құп көрсе енді бірі адалдық жоқ жерде жақсылықтың болмайтынын айтып әлек. Орталық базардағы арнайы орындардағы кәсіпкерлер қанша жерден тыйм салынғанымен  көше бойындағы саудагерлер орайын тауып саудасын қыздырып жатқанын айтады. Заңсыз сауда үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бірақ ақадал еңбегімен өсірген өз өнімдерін саудалайтын бау-бақша иелері қосақ арасында кетпеуі шарт. Олар үшін қалада 31 арнайы орын белгіленген. Қала бойынша балмұздақ және сусындарды сату үшін 95 сауда нүктесі бар. Рейд басталған 4-5 күннің өзінде 50 ден аса  заңсыз саудагер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  Олардың қолға алған кәсіптерін дөңгелетем десе шаһардағы 21 сауда орталғынан арнайы орындарды жалға алуға мүмкіндік жасалған. Ал «Мирлан» сауда үйіндегі 100 ден аса кәсіпкер заңсыз сауданың жолы бөгелмесе облыс әкімдігіне шағымданатындарын да тілге тиек етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.